
«Болашақ» компаниясының директорлары
Ричард Малкахи, Топ Төрағасы
Табысты кәсіпкер, Ричард Малкахи, жалдау саласында 20-жылдық тәжірибесі бар. Мұнай және газ саласындағы ұзақ жұмыстан кейін Ричард көптеген жылдар бойы Swift Technical компаниясын басқарған және компанияның мұнай және газ саласында жұмыс күшін іріктеуде жетекші халықаралық жеткізушінің біріне айналуына көмектесті. «Болашақ» компаниясы халықаралық мұнай және газ саласында Ричардтың біліміне иек сүйеу мүмкіндігіне ие болып табылады. Жұмыс күші бойынша қызмет көрсету саласындағы жоғары білікті атқарушы маман ретіндегі оның табысы мен тәжірибесі «Болашақ» компаниясының өсу стратегиясын дамыту және жүзеге асыруға салған орасан зор үлесі болып табылады.
Крис Уэлдон, Топ Атқарушы Директоры
Крис Уэлдон халықаралық құрылыс және мұнай-химиялық өнеркәсіптегі 25-жылдық тәжірибесі бар БӨҚ және электр жабдықтама саласындағы инженер болып табылады. Крис 1990-жылдар ортасында ТМД-ға көшер алдында, Африкадағы құрылыс жобаларында он жылдан астам уақыт жұмыс істеген, содан кейін бұрынғы Кеңес одағында бизнес жүргізудің мол тәжірибесін жинай жүріп, орыс тілдіге айналып кеткен. Крис «Болашақ» компаниясы құрылғалы бері оның біртұтас бөлігі болып табылады, 2001-2007 жж. аралығында Басқарушы Директор ретінде жұмыс істеді. Қалған уақыт аралығында, Крис «Сефтек» және «Имтэк» компанияларымен бірлескен кәсіпорын құруда және компания қызметін техникалық салаға кеңейту кезеңінде белсенді ойыншы терінде танылды. 2011 жылы Крис Компания Тобының Директоры болып тағайындалып, ол бизнесті жүргізудегі білімі мен құмарлығының арқасында компанияны жетекші орындарға жеткізетіні сөзсіз.
Тим Бентам, Бірлескен сұрақтар бойынша Директор
Тим Бентамның Қазақстандағы мұнай және газ өнеркәсібіндегі қызмет жеткізушілермен 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Тим орыс тілінде еркін сөйлейді және бұрынғы Кеңес одағы елдерінде бизнес жүргізу саласында, сонымен қатар Қазақстандағы мамандану ісінде кең таным жинады. Жеті жыл ішінде Қазақстандағы мұнай және газ саласында қызмет көрсету бойынша компанияның коммерциялық және әкімшілік қызметін басқару жүріп, 2000 жылы Тим рекрутингтің мұнай-газ саласына енді. 2001 жылы Тим "Болашақ" компаниясының коммерциялық директорлығына тағайындалған және сол кезден бастап оның құрылған сәтінен Қазақстан нарығындағы көшбасшы күйіне жеткенше барлық коммерциялық операцияларды басқару және бизнес келісім-шарттарын орындау үшін жауап береді.
Максим Губашев, Топ Қаржы Директоры
Максим Губашев халықаралық қаржы менеджмент саласындағы дипломға ие бухгалтер, оның қаржы менеджментінде, бухгалтерия және есеп – қисап дайындауда 12 жылдан аса жұмыс тәжирибесі бар. Максим өз мансабын, Теңіз кен орнында халықаралық қызмет көрсетуші компанияға 3 жыл бойы бухгалтер ретінде жұмыс істеуден бастады. Кейін аталған компанияның Ақсай қ. бөліміне (Қарашығанақ кен орны) қаржы менеджері ретінде ауыстырылады. Бірнеше жылдар бойы Максим аймақтық қаржы менеджері ретінде компания жұмысын Қазақстан, Әзірбайжан және Ресейді (Сахалин аралы) қосқанда ТМД аймағы бойынша қадағалап, сонымен қатар Теңіз аймағындағы ірі компанияның қаржы директоры міндеттерін орындады. Максим Болашақ компаниясына 2008 жылдың ортасында қаржы менеджері ретінде келіп, тез арада қаржы директоры лауазымына тағайындалады. Қаржылай басқару саласында өз халықаралық және отандық тәжірибесін қолдана отырып, Болашақ даму тарихындағы қиын кезеңдерде Максим өзін мықты қаржы басшысы ретінде таныта білді.
