kz
RU EN
Біздің көп ұлтты кадрларды өздерінің бай тәжрибесі мен дағдыларын қолдана отырып , табыстарға жеткізу үшін жедел де оралымды басқаратын мықты тобымыз бар. Қазақстандық кеңселеріміздегі қызметтерге көп тілді меңгерген қазақстандық мамандар жинақталып, әзірленген, оларға мұнай-газ өнеркәсібі саласында халықаралық деңгейде қызмет көрсете алатын , сондай-ақ Қазақстанда бизнес жүргізуден зор тәжірибеге ие шетелдік және қазақстандық азаматтардан тұратын атқарушы топ басшылық етеді.

Ричард Малкахи

Болашақ Групп Төрағасы
Ричард Малкахи қызметкерлерді іріктеп алу саласында 30 жылдық тәжірибесі бар маман. Мұнай-газ саласында көпжылдық жұмыс тәжірибесінен кейін, Ричард Swift Technical компаниясын көптеген жылдар бойы басқарып, компанияның мұнай-газ саласында жұмыс күшін іріктеуде жетекші халықаралық жеткізушінің біріне айналуына көмектесті. «Болашақ» компаниясы халықаралық мұнай-газ саласында Ричардтың біліміне сүйене алады. Қызмет көрсету саласындағы жоғары білікті атқарушы маман ретіндегі оның табысы мен тәжірибесі «Болашақ» компаниясының өсу стратегиясын дамыту және жүзеге асыруға салған орасан зор үлесі болып табылады.

Крис Уэлдон

Стратегиялық даму және ақпараттық делдалдық бойынша директор
Крис Уэлдон халықаралық құрылыс және мұнай-химиялық өнеркәсіпте 30-жылдық тәжірибесі бар БӨҚ және электр жабдықтама саласындағы инженер болып табылады. Крис 1990-жылдар ортасында ТМД-ға көшер алдында, Африкадағы құрылыс жобаларында он жылдан астам уақыт жұмыс істеген, содан кейін бұрынғы Кеңес одағында бизнес жүргізудің мол тәжірибесін жинай отырып, орыс тілін жетік меңгерген. Крис «Болашақ» компаниясы құрылған сәттен бастап оның ажырамас бөлігі болып табылады, 2001-2007 жж. аралығында Басқарушы Директор ретінде жұмыс істеді.Крис өзіне тән ынталықпен Болашақта стратегиялық даму мен ақпараттық делдалдық Директоры ретінде компания қызметін техникалық салаға кеңейту кезеңінде белсенді рөль атқарады.

Tim Bentham

Корпоративті қарым-қатынастар бойынша Директор
Тим Бентамның Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіндегі қызмет көрсетуші компаниялармен 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Тим орыс тілін жетік меңгерген және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде, атап айтқанда Қазақстанға мамандандырылған, бизнес жүргізу ісіне кең таным жинады. Жеті жыл ішінде Қазақстандағы мұнай-газ саласында қызмет көрсету бойынша компанияның коммерциялық және әкімшілік қызметін басқара жүріп, 2000 жылы Тим мұнай-газ саласы үшін қызметкерлерді іріктеп алу қызметіне кірісті. 2001 жылы Тим "Болашақ" компаниясының коммерциялық директоры болып тағайындалып, компания негізі қаланғаннан бері оның қазіргі нарықтағы көшбасшы дәрежесіне жету кезеңде коммерциялық қызметтер және келісімдердің орындалуына жауапты тұлға.

Бизнес топтық құрылымға ауысқалы және жаңа бизнес бағыттар мен бірлескен кәсіпорындар дамуына байланысты Тим өз назарын корпоративті мәселелер, коммерциялық қолдау көрсету, сабағаттық қызметтерге шоғырландырды.

Куинтин Голди

Топтың басқарушы директоры
2010 жылдың қараша айында алғаш рет «Болашақ» компаниясына өндірістік мәселелер бойынша директор ретінде келген Куинтин Голди, 2011 жылдың шілдесінде басқарушы директор лауазымына тағайындалды. Кейіннен Куинтин Болашақ компаниялар тобына енетін барлық компаниялар үшін толық жауапкершілікке ие басқарушы директор лауазымына тағайындалды.

Куинтин мұнай-газ, құрылыс салаларында кең ауқымдық техникалық, өндірістік қызметтер көрсетуде 35-жылдық тәжірибе жинаған. Куинтин Бакуда өнеркәсіптік қызметтер ұсынатын компанияны табысты басқарып, кейіннен ол компанияны Қазақстандық нарыққа шығарды. Компния жедел дамып, өнеркәсіптік қызметтерді харықаралық деңгейде көрсететін ірі жеткізуші компанияның иелігіне өтті. Куинтиннің халықаралық жобалар мен мұнай газ саласындағы құрылыс жұмыстарын басқаруда кең ауқымды жұмыс тәжірибесі мен білімі бар.

Оның осы көп жылдық жұмыс тәжірибесі, білімі мен өз ісіне шынайы берілгендігі Болашақ компаниясын басқаруына да зор үлесін қосты. Куинтин Болашақ компаниялар тобының қауіпсіздік мәдениеті мен жұмыс сапасын алға бастыру, сондай-ақ компаниялар тобының басқарушы құрамын әрі қарай дамыту мәселеріне ерекше көңіл аударады. Куинтиннің басшылығымен, Болашақтың нарықтағы жайғасымы едәуір жақсарып, бүгінгі таңда, компания келешек жылдарда әрі-қарай өрлеу үшін тиімді орнын алып отыр.

Марат Тұрақбаев

Қаржы директоры
Марат Тұрақбаев компаниялар тобының қаржылық жүйесінің нығаюы мен дамуына маңызды үлесін қосты. Ол қаржы саласында 12 жылдық тәжірибеге ие, және ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерін жетік меңгерген. Мараттың еңбек ғұмырнамасы ірі халықаралық сервистік мұнай-газ компанияларында істеген 8 жылдық жұмысты қамтиды. Ол жерлерде Каспий аймағы бойынша бухгалтерлік есеп менеджеріне дейінгі еңбек жолын өткен болатын. Марат қаржылық менеджмент, кәсіпорынды басқару жүйелерін енгізу, аудит пен ішкі бақылау, сондай-ақ аутсорсинг негізінде басқа ұйымдар орындайтын қызметті басқару мәселелерін жақсы біледі. Болашақтағы Мараттың міндеттеріне компанияның қаржылық есептерін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес жүргізу, бысшылық және Директорлар кеңесі үшін барлық қаржылық есептер мен деректерді дайындау кіреді және бұл жұмыс қаржылық қызмет пен бухгалтерлік есептің барлық тұстарын қамтиды. Ол біздің барлық қаржылық және бухгалтерлік мәселелеріміздің шешілуіне жауапты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Мұнайшы күні
«Болашақ» компаниясы Мұнайшы күніне арналған бірқатар іс-шаралардың бас демеушісі , ал Қазақстанның Мұнайгаз Сервистік Компаниялар Одағы осы шаралардың
Құлсарыдағы бос қызмет орын жәрмеңкесі
Біз бұрын «Болашақ» компаниясының 24 тамыз күні Құлсары қаласында бос орындар жәрмеңкесін өткізетіні туралы хабарлаған едік.
Балаларды қорғау күні
Балаларды қорғау күніне қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біз мереке қарсаңында балаларға арналған іс-шара өткіздік.
Марафон
Болашақ-Атырау қызметкерлері екі жыл қатарынан Атырау қаласында өткізілетін Атыраулық марафонға қатысып жүр.