Пиролиз жобасы бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары
7281
Жұмыс күні 15.07.2025
Жұмыстың жабылу күні 29.07.2025
Қызмет түрі contract
Ел Қазақстан
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Gulmira Sailybayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Жұмыс күні 15.07.2025
Жұмыстың жабылу күні 29.07.2025
Қызмет түрі contract
Ел Қазақстан
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Gulmira Sailybayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Жобалау, сатып алу, логистика, құрылыс, жобалық және қаржылық бақылау мәселелері бойынша Компания құрылымдары және EPC мердігерлерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
EPC мердігерлерімен жабдықтар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттестікті үйлестіру;
Жобаға қатысу үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізушілерінің нарығын мониторингілеу;
Мердігерлердің сатып алу, материалдар мен жабдықтарды жеткізу, логистика және қызметтерді көрсету рәсімдеріне сәйкестігін бақылау, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу жоспарларын әзірлеуге қатысу;
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізушілерін алдын ала іріктеу, сатып алу рәсімдерін жүргізу, мердігерлердің сатып алу тапсырыстарын орналастыруы мен басқаруын, соның ішінде экспедиторлық жұмыстарды қадағалау;
Жоба шеңберінде жабдықтар мен материалдарды өндіру кестелерін әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
Жабдықтар мен материалдардың сапасын бақылау жүйесін басқару; сапаны қамтамасыз ету және сәйкессіздіктерді басқару мәселелері бойынша Компания және мердігер құрылымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру;
Жергілікті қамтуды арттыру мақсатында тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша қазақстандық жеткізушілер мен Компания мердігерлері арасындағы өзара әрекеттестікті үйлестіру;
Жоба шеңберінде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сапасы мен сатып алу талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және тиісті ұйымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
Жабдықтар мен материалдарды логистика, кедендік ресімдеу және бақылау мәселелері бойынша Компания бөлімшелері және EPC мердігерлерімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;
Жауапкершілік аймағындағы персоналды басқару;
Жобаға қатысты есептерді дайындау және жүргізу
Білімі:
Жоғары техникалық (Механикалық инженерия, Мұнай және газ, Механика) немесе экономикалық білім.
Қосымша кәсіби даярлық:
Сатып алу және жеткізу тізбегін басқару бойынша біліктілікті арттыру курстары.
Тәжірибесі:
Нефтехимия немесе мұнай-газ өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
EP немесе EPC жобаларында сатып алу саласында кемінде 5 жыл тәжірибе;
Нефтехимия немесе мұнай-газ салаларында EPC жобаларын іске асыру бойынша дәлелденген тәжірибе;
Сатып алу, материалдық-техникалық жабдықтау немесе жабдықтарды комплектациялау бөлімдерін басқару немесе сол бөлімдер басшысының орынбасары ретінде жұмыс тәжірибесі.
Атырау/Қарабатан, 5/2, Қазақстан Республикасы азаматтары үшін.
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.

Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.

Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.

KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.

Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.