kz
RU EN

Біз сіздерге жаңа жұмыс іздеуіңізде көмек көрсетуге қуаныштымыз

Біздің көп тілдік мамандарды іріктеу тобымыз сізге көмек көрсетуге және сіздердің талаптарыңызды талқылауға әрдайым дайын.

Біз Болашақпен жұмыс істеудің артықшылықтарын «Неліктен Болашақ?» деген бөлімде тұжырымдадық.

Бұл бөлім қызметкерлерімізге жұмыс кезінде көрсететін қолдаудың қалай ұйымдастырылғаны жайлы, Қазақстан және біз қызметімізді жүргізетін елдердің аймақтары туралы ақпаратты, біздің халықаралық нысандарымыз туралы кейбір мәліметтерді, сондай-ақ бұрынғы және қазіргі қызметкерлеріміздің бірнеше мінездеме хаттарын қамтиды.

Сізге жұмыс барысыңызда қолдау көрсету

Болашақ сізге Қазақстан, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея немесе басқа халықаралық нысандағы жұмысты бастар алдында, жұмыс кезінде және жұмыс аяқталған кезде қолдау көрсетуге міндеттенеді, Қызметкер бола тұра, жаңа жобада жаңа міндеттерге ие болып жатырсыз ба, немесе Қазақстанға шақырылып жатқан шетелдік қызметкерсіз бе, әлде сіз халықаралық нысандағы қызметтерге тартылып жатырсыз ба сіздің бізбен ынтымақтасу тәжірибеңіз үйлесімді және мінсіз болуы үшін біз барлық мүмкіндіктерді іске асырамыз.

Бұл жағдайда коммуникация табысқа жетудің басты жолы болып табылады, сондықтан мамандарды іріктеу, мобилизациялау және жұмыс атқару кезінде, сізді барлық жаңалықтар туралы хабардар ететін, барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, сізді бағыттайтын бөлек өкіл белгіленеді.

Біздің өз қызметкерлерімізге көрсететін қолдауымыз мамандарды іріктеу, мобилизациялау және жұмысқа тұрғызудың барлық тұстарын қосады.

Қызметкерлерді іріктеу барысында

• Лауазым және жұмыс туралы толық ақпарат, шарттар мен ережелер, сондай-ақ Клиент пен оның жобасы туралы туралы мәліметтер беру.

• Сұхбаттарды ұйымдастыруда көмек көрсету.

• Жұмыс жағдайы мен ережелерін мақұлдау үшін сізбен және клиенттерімізбен әрекеттесу.

Мобилизация кезінде

Мобилизация кезінде Болашақ тобы сізге барынша нақтырақ бағыт беруге тырысады.

Біз мобилизациялаудың барлық тұстарын ұйымдастырамыз, соның ішінде жұмыс жасауға рұқсат пен визаларға сұраным жасау, сапарларды ұйымдастыру, келісімдік қатынастарды ресімдеу, жаңа нысан, жоба, өндірістік аймақ және сіздің жұмысыңыз туралы толық ақпарат жиынтығын беру, әуежайдан қарсы алуды ұйымдастыру, кіріспелік оқыту және нұсқаулық.

Сіздің жұмыс барысыңызда

Сізге жұмыс барысыңызда көмек пен қолдау көрсету үшін Болашақ өкілі бөлінеді. Біз әрдайым сізге кез келген жағдайда көмектесуге, сіздің жұмыс барысыңызда немесе сапар шеккен кезіңізде орын алған төтенше жағдайларды шешіп беруге, сондай-ақ кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі