kz
RU EN

Миссия

Біздің миссиямыз кәсіби мамандарға өз білімдері мен дағдыларын іске асыруға мүмкіндіктер ұсынумен қатар, клиенттеріміздің жобаларын жүзеге асыруы үшін оларға жоғары білікті қызметкерлерді іздестіру, іріктеу және кәсіби мамандар тобын құру арқылы көмектесуге негізделген.


Құндылықтар

Адамдар

Кез келген компанияның басты құндылығы – ол жерде жұмыс жасайтын адамдар, ал біз компаниямыздың күш қуаты қызметкерлерінде деп сенеміз. Компания өзінің жеткен жетістіктері қызметкерлерінің арқасында екенін әрқашанда айрықша сезінеді. Біз өзіміздің жоғары білікті мамандарымызды мақтаныш тұтамыз, әрдайым қызметкерлеріміздің жағдайын ойластырамыз және ең қызықтыратын жұмыс беруші болуға тырысамыз. Біз компаниямызда қызмет ететін адамдардың бәрін сыйлай отырып, әрбір қызметкер үшін өзінің жеке қасиеттерін қолдана және жаңа дағдыларды меңгеру арқылы табысқа жете алатындай ортаны жаратуға тырысамыз. Біз компаниямыздың табысы мен дамуына үлесін қосқан әрбір адамды өте жоғары бағалаймыз – олар біздің қызметкерлеріміз, клиенттеріміз және үміткерлеріміз.

Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаға ұқыпты қарау

Біздің компанияның бастапқы басымдығы қызметкерлерінің денсаулығы, қауіпсіздігі және қоршаған ортаға ұқыпты қарау болып табылады. Біз әрбір адамды қауіпсіздік, жазатайым оқиғалардың, апаттардың алдын алу және қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарау үшін өзіне жеке жауапкершілік алуға шақырамыз. Барлық негізгі бизнес-процестер мен қызмет салаларында тұрақты дамуға, қоршаған ортаға, адамдар мен ресурстарға ұқыпты және тиімді көзқараспен назар аудара отырып, біз жеке үлгі көрсете отырып, осы қағидаларды іске қолдануға дайындығымызды білдіреміз және басқаларды жігерлендіреміз.

Сапа және клиенттермен қатынастар

Біз өз клиенттеріміздің мәселелерін шешудің сапалы жолдарын ұсынуға ұмтыламыз. Өз қызметімізде біз икемді тәсілдерді қолдана отырып, клиенттеріміздің өзгермелі талаптарына бейімделуге тырысамыз. Біз күн сайын клиенттеріміздің сенімділігі мен құрметіне жетуге ұмтылып, көрсетілген қызметтердің деңгейі мен сапасын жақсартуға ынталанамыз. Біз клиенттерімізбен орын алған қарым-қатынасымызды бағалаймыз және қызметтеріміздің сапасының жоғары деңгейде болуын қадағалаймыз.

Еркіндік, өзін өзі таныту және жауапкершілік

Біз өз қызметкерлеріміздің дарындары мен қабілеттіліктерін дамыту үшін жағдай тудырамыз, сондай-ақ операциялық және басқарушылық үдерістерді жақсартуға ұмтыламыз. Еркіндік біз үшін шүбәсіз құндылық болып табылады, әсіресе компанияның, оның қызметкерлері мен клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар мен бастамаларды ұсыну еркіндігі. Біз барлық деңгейдегі қызметкерлердің жұмысын өз бетімен ұйымдастыруға және оның нәтижелері үшін жауапкершілік атқаруға көмектесетін кез келген құлшынысын қолдаймыз.

Командалық жұмыс. Бірлесіп біз табысқа жетеміз!

Біз командалық рух, бірлестік және ауызбірлікті жоғары бағалаймыз. Біз тиімді ынтымақтастық, сонымен бірге, қызметкерлер, клиенттер және серіктестерімізбен орнатылған берік, сенімді қатынастар арқылы тамаша нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Біз командамыздың түрлі тәжірибесі, кең ауқымды білімі мен дағдыларының арқасында компанияның тиімділігі мен әлеуетін жақсарта аламыз. Біз біртұтас кәсіби мамандар тобы ретінде қызмет көрсете отырып, клиенттеріміздің күтулерінен де асып түсуге ұмтыламыз. Компанияның бүкіл қызметкерлерін бір мақсат біріктіреді, ал бұл мақсатқа біз біріккен күш, ұғым және өзара қолдау көрсету арқылы қол жеткізуге тырысамыз.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.

Компания жаңалықтары

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі