kz
RU EN

ҚазҰУ Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Болашақ Атырау «Табысқа жеткізер жол!» бос жұмыс орындар және тағылымдама жәрмеңкесіне қатысты

Болашақ Атырау компаниясы 3 мамыр күні Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жыл сайын өткізілетін «Табысқа жеткізер жол!» бос жұмыс орындар және тағылымдама жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңке КазҰУ кампусының аймағындағы Ұлттық кітапхананың фойесінде өтті. Төбесі биік кең бөлмеде шусыз және әбігерліксіз жайлы атмосфера орнады. Студенттер мен түлектер бір-біріне кедергі келтірмей, қатысушы компанияларға асығыссыз жақындады. ҚазҰУ-дың бакалавриат және магистратурасының көптеген студенттері мен түлектері өздерін таныстыру қабілетін меңгерген және ағылшын тілін жақсы деңгейде біледі. ҚазҰУ келесі бағыттар бойынша мамандарды дайындайды: Биология және биотехнология факультеті, Химия және химиялық технологиялар, Шығыстану, Филология және Әлем тілдері, Механика және математика және т.б.

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.