kz
RU EN

UIB Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі

11 мамырда Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) Алматы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Кең ауқымды Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі өткізілді.

11 мамырда Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) Алматы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Кең ауқымды Бос Қызмет Орындар Жәрмеңкесі өткізілді. Алматы қаласының 300-ден астам жұмыс берушілері мен 500-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерін бір жерде біріктірудің бірегей мүмкіндігі ұсынылды. Жәрмеңкеге мемлекеттік ұйымдар, жергілікті және шетелдік жеке компаниялар, кәсіби дайындықпен айналысатын білім беру компаниялары мен ұжымдары қатысты. Университет ғимаратының алдында жұмыс берушілер үшін форум өткізіліп, UIB Президенті құттықтау сөзін сөйледі. Университеттің АТ бөлімінің меңгерушісі форум тыңдаушыларын өзі өңдеген ALMATY JUMYS қосымшасымен таныстырды. Қосымшада жұмыс беруші ретінде тіркелген күнде, бос қызмет орындарын жариялап, онда тіркелген студенттермен кері байланыс жасауға болады. Жұмыс берушілер студенттерге көмек ретінде тағылымдамадаға орналасу, оған бейімделу, жұмысқа орналасу және сынақ мерзімінен өту тағы басқа тақырыптар бойынша көптеген мастер-класстар өткізді. Жәрмеңкенің басты мақсаты барлық түлектерді жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру үшін жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің арасындағы өзара әрекеттесу нүктесін табу болып табылады.

Тағы жаңалықтар

Көктемгі Атырау марафоны 2019
Бізден ұжымдағы қолайлы атмосфераны қалай сақтауға болатындығы  туралы жиі сұралады.
Алғыс күні
1 наурыз  Алғыс күні «Болашақ-Атырау» компаниясының қызметкерлері Алматы облысының  №1 балалар үйінде өткізілген концертке барып қайтты.
Боулинг турнирі
Өмір – баға жетпес сыйлық! Ол күресуге және ұтуға тұрарлықтай.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері
2018 жыл жоғары оқу орындарының бастауыш мамандары мен түлектерін жұмысқа тұрғызуға бағытталған әртүрлі іс-шараларға толы болды.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.