kz
RU EN

«Burns» кешi

Болашақ Атырау компаниясы шотландиялық ақын – Роберт Бернске арналған кезекті жылдық кешіне қатысты.

Басқарушы директорымыз Куинтин Голди Бернстің ұлы мұрасы жөніндегі сөзінде оның шығармашылығына қатысты қызықты деректерді айтып өтті. Түбі шотландиялық болған соң, Берснтің өлеңдерін ол туған жерінің бөлшегі ретінде қабылдайды. Ал қазақстандық әріптестерімізге– бұл ақынның шығармашылығымен жақынырақ танысу, хаггиске арналған мадақ жыры, сөз тапқыштық сайысы және т.б. сияқты таулы аймақ елінің қызықты және ерекше дәстүрлері туралы білу мүмкіндігі ұсынылды. Шын мәнінде Роберт Бернстің біздің елде танымалдылығы, Пушкин мен Абайдың шетелдегі танымалдылығына сай екені туралы бұрын ойламаппыз. Мысалы Александр Градскийдің репертуарында Бернс өлеңдерінен тұратын композиция топтамасы бар екені туралы көпшілігі әліде білмейді. «Мельница» фольклорлық тобы «Лорд Грегори» балладасын және «Таулық» өлеңін әнге салды, ал «Здравствуйте, я ваша тетя!», «Служебный роман» кинофильмдеріндегі «Любовь и бедность», «В моей душе покоя нет» атты әндерін осы кинофильмдер арқылы барлығы да естіді деп ойлаймыз. Бір айта кетерлігі, бізді өлеңдер кеші мен Шотландия фольклорына шомдыратын бұл мәдени іс-шара, бүкіл әлем бойынша өткізілетін мәдени іс-шара болуымен қатар, Burns Supper ұйымдастыру комитеті іс-шарада жиналған қаражатты Атырау қаласындағы бірқатар балаларға арналған қайырымдылық ұйымдары мен медициналық орталықтарға, мүмкіндігі шектеулі немесе мамандандырылған емдеу талап етілетін балаларға қолдау көрсетуге жұмсайды. Кеш қарсаңында, Болашақ компаниясының ең үздік қызметкерлерді марапаттау шарасы барысында, Шотландиядан келген топтың өнер көрсетуі біз үшін үлкен тосын сый болды. Бұл топ 15 жыл бойына Қазақстанға Бернс кешіне келіп, кеш қонақтарымен бірге шотландиялық ұлттық билерді үйреніп, залды волынка аспабының кайталанбас үнімен толтырады. Ал біз болсақ кеңсемізде шотландиялық әндер мен әуендерді тыңдап, сондай-ақ билерді көру мүмкіндігіне ие болдық. As a matter of fact we had not realized before that Robert Burns is as popular here as for instance Pushkin or Abay are abroad, and perhaps not all of us know that Alexandr Gradksii’s repertoire contains a cycle of compositions on Burns verses. The Folk band Melnitsa has set the ballad “Lord Henry” and the poem “The Highlander” to music, and almost everyone must know the songs from the movies “Love and Poverty” (“Hello, I am your aunt!”), “My heart is sair” (“Office romance”). It is remarkable that apart from being a cultural event that is held around the world which immerses us in an evening of Scottish poems and folklore, the Burns Supper organizational committee supports a number of charitable organizations and medical centres in Atyrau, and all the money raised from the attendance of the event is spent in supporting disabled children or children who need expert care. A pleasant surprise before the event was a performance by a band from Scotland at Bolashak’s office during the Company’s Best Employee Nomination Event. The band has been visiting Kazakhstan for the Burns Supper celebrations for 15 years; they help the the evening’s guests learn Scottish dances, and fill the room with the inimitable sound of the bagpipes. It was a great opportunity to listen to their music and songs as well as to see traditional Scottish dancing within the walls of our office.

Тағы жаңалықтар

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.