Көктемгі Атырау марафоны 2019
Бізден ұжымдағы қолайлы атмосфераны қалай сақтауға болатындығы туралы жиі сұралады.
Бұл өте оңай: жұмыстағы табыстар мен адамдар арасындағы түсінушіліктің басты кілті – тимбилдингтер.
14 сәуір күні біздің 70-тен астам қызметкерден құралған «Болашақ» тобы жыл сайынғы 3, 10 және 21 шақырымдық марафонға қатысты. Осы іс-шара арқылы біз жұмыс күндерін жарқын әсерлермен араластырудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік. Сонымен қатар, барлық марафон қатысушыларына бүкіл жүгіріс бойында қолдау көрсететін үлкен жанкүйерлер тобы да құрылды.
Біздің жарқыраған медальдарымыз сіздерге ұнай ма?)
Тағы жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
