kz
RU EN

Теңіз марафон

Біз жұмысты жақсы істеп қана қоймаймыз, сонымен қатар өзіміздің бос уақытымызды көңілді өткізіп, өз денсаулығымыздың қамын ойламыз.

Болашақ-Атырау салауатты өмір салтын барынша қолдап, насихаттайды. 17-23 маусым аралығы Теңізде денсаулық күндері болып жарияланып, сол күндер аралығында Шаңырақ кентінде сауықтыру іс-шаралары өткізілді. Денсаулық күндерінің мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу болып табылды. «Денсаулық күндерінің» қорытынды шарасы болып Кемел және Болашақ-Атырау ұжымдарының бірлесе ұйымдастырған қайырымдылық жүгіру шарасы болады. Шарада жиналған 500 000 тенге мөлшеріндегі қаражат Ынтымақ Қорына қайырымдылыққа жіберілді.

 

Шаршағандыққа берілмей, ыссылықты жеңіп, жүгіріс қатысушылары 5 шақырымдық марафонын өз абыройларын жоғары ұстап жүгіріп шықты. Сондай-ақ жеңімпаздарды жариялаймыз:

 

Еркектер арасында:

1 орын –  Еділжан Косболов

2 орын – Герман Анашкин

3 орын – Карлос Вентре Эдсон (Venture Edson Carlos Mateus)

 

Әйелдер арасында:

1 орын – Айна Әміралина

2 орын – Жұлдыз Сақтаганова

3 орын – Мөлдір Оразтаева

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.