Жақсылық жаса
2020 жылдың қарсаңында біздің қызметкерлер жаңа бастаманы қолдай отырып, жаңа жыл алдында ойнатылатын лотерея билеттерін сатып алды.
Жиналған қаражаттың арқасында 2019 жылдың 26 желтоқсанында Атырау іскер әйелдер қауымдастығымен серіктесе отырып «Зейін Атырау» қоғамдық қорындағы, балаларға арналған «Венера» инклюзивті дамыту орталығындағы, «Болашак К» , «Золотое время» және «Самға жүрегім» қоғамдық қорларындағы ерекше қажеттіліктері бар 120 бала үшін жаңа жылдық ертеңгілік өткіздік. Ал 2019 жылдың 27 желтоқсанында логистика бөліміндегі әріптестеріміз «Сәбилер үйі» балалар үйіне барып, оларды тәттілермен, жаңа ойыншықтармен және өте қажетті заттармен қуанта алды. Барлығыңызға көмектеріңіз және мейірімді жүректеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Тағы жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
