kz
RU EN

Алғыс айту күні

Кез келген компанияның өмірі тек кәсіби бағыттармен шектелмейді.

Кез келген компанияның өмірі тек кәсіби бағыттармен шектелмейді. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген экологиялық және әлеуметтік маңызы бар жобалар бар, оларға бизнес, бейкоммерциялық ұйымдар, оқу орындары және қарапайым азаматтар қатысады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына (жалғызбасты үлкен кісілір мен мемлекет қамқорлығында қалған балалар; және тұрақты медициналық бақылауды немесе қымбат емдеуді қажет ететін адамдар) қолдау көрсетуге қоғамның тартылуы жыл сайын артып келе жатқаны қуантады. Қажетті мамандандырылған қызметтерден басқа, оларға назар аудару, достық қолдау көрсету және адамның өмірі үшін күресте қолдау қажет.

 

“Болашақ-Атырау” компаниясы бірқатар әлеуметтік жобаларға тұрақты түрде қолдау көрсетеді. Биылғы жылда біз Атырау қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше балаларға арналған балалар ойын бөлмесін ашудан бастадық. Бұл іс-шара көктемнің алғашқы күні 1 наурызда, Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтілетін кезде, Қазақстан бойынша барлық жерде әртүрлі кәсіби ортадан, түрлі діндерден және тіпті түрлі азаматтықтан шыққан адамдар мүмкіндіктерінше ерекше мұқтаж адамдарға көп көңіл бөлуге тырысып, оларға жақсылық сыйлайтын кезде өткізілгені біз үшін символдық болды.  

 

Қайырымдылық іс-шарада “Болашақ-Атырау” ЖШС-нің Бас Директоры Куинтин Голди, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы, Әзірбайжан Республикасының Бас Консулы және Әзірбайжан Республикасының "Новруз" этномәдени орталығының өкілдері қатысты.

 

Біздің бас директор орталықтың ең кішкентай сәбилеріне арналған жөндеуден кейін шыққан ойын бөлмесін ұсынды. Ойын бөлмесінде біз едендерді толығымен оқшаулап, жылу жүйесін қалпына келтірдік, теледидар, музыкальный центр, балалар жиһазын, кілемдер, перделер, арнайы балаларға арналған арнайы бизи-борд секілді керек-жарақтарды орнаттық, сонымен қатар әртүрлі ойыншықтар сатып алдық. Сондай-ақ, біз ойын бөлмесінің қабырғаларына сурет салған кәсіби суретшінің қызметтерін пайдаландық.

 

Бұл “Болашақ-Атырау” компаниясы осы орталықта жүзеге асырып отырған алғашқы жобасы емес. Өткен жылы екі шеберхана – керамика және тігін бөлмесі жабдықталды, онда балалар бізге өз жұмыстарын көрсетті. Орталық директорының айтуынша, олар келешекте балалардың қолдарымен жасаған бұйымдар ұсынылатын аукцион өткізуді жоспарлап отыр. 

 

Іс-шара соңында Куинтин Голди барлық педагогикалық құрамға және орталық басшысына қажырлы еңбектері мен шыдамдылықтары үшін алғысын айтты. Сондай-ақ , ол кездесу қонақтарын бірігуге, осы орталыққа көмектесуді және қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды. Өйткені, ең бастысы - балалардың әл-ауқаты. Олар кез-келген жобаларды жүзеге асыруда бірінші орында тұруы тиіс.

 

Күнделікті қалыптасқан істер мен қарбаласта айналамызда біздің назарымыз бен қатысуымызды қажет ететіндердің қаншалықты көп екенін байқамаймыз. Әр адам үлкен немесе кіші жобаларда өз мүмкіндігін тауып, жүзеге асыра алады. Ең бастысы – мұндай жағдайларда бей-жай қалмау, және кез-келген бастама одан да үлкен жетістіктерге жетелейді.

 

Кейде біреудің әлеміне сән келтіру және келешекке үміт сыйлау үшін аз ғана көңіл бөлу жеткілікті. Жақсылық сыйлаңыз, сонда айналаңыздағы әлемнің қалай өзгеріп, ашық болатынын және басқа адамдар сізден үлгі алып, шабыт алғанына куә боласыз.

Тағы жаңалықтар

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.