kz
RU EN

Ішкі коммуникациялар бойынша семинары

7 маусым күні Атырау қаласында «Magynaly Business» PR агенттігінің ұйымдастыруымен ішкі коммуникациялар бойынша семинар өтті.

7 маусым күні Атырау қаласында «Magynaly Business» PR агенттігінің ұйымдастыруымен ішкі коммуникациялар бойынша семинар өтті.

Семинардың спикерлері мұнай және газ саласының жетекші мамандары Фатима Қосаева (ERG), Бақыткүл Жұрқабаева (ТШО) және Гүлмира Әлібаева (NCOC) болды. Сондай-ақ, Bolashak Group ішкі коммуникацияларды тиімді басқарудағы тәжірибесімен және инновациялық тәсілдерімен бөлісті.

Бұл шарада ішкі ақпарат ағынын басқарудың негізгі принциптері, өзгерістерді басқару мәселелері, әртүрлі жас санаттарына сай инновациялық тәсілдер мен коммуникацияның жаңа тенденциялары талқыланды.

Сонымен қатар, заманауи сынақтар жағдайындағы икемділік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Семинар сарапшылардың бақылауларымен және ұсыныстарымен бөлісетін жаңа кәсіби алаңға айналды. Ал ол өз кезегінде қатысушылар арасында бірден жауап тауып, компаниядағы ішкі коммуникациялардың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектеседі.

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.