kz
RU EN

Мұнай-газ машина жасау форумы

10-12 шілдеде Атырау қаласында қазақстандық өндірушілерге арналған "Халықаралық мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығы" қауымдастығының форумы мен ашық есік күндері өтті.

10-12 шілдеде Атырау қаласында қазақстандық өндірушілерге арналған "Халықаралық мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығы" қауымдастығының форумы мен ашық есік күндері өтті. Бұл іс-шара ірі операторлар сатып алатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарларына, жергілікті қамтуды дамытуға және отандық өндірушілерді қолдауға арналды. 

Форумда энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев және операторлардың бас директорлары: Кевин Лайон («ТШО»), Джанкарло Рую («НКОК»), Марко Марсили («КПО») құттықтау сөз сөйледі, сондай-ақ зауыттар мен қызмет көрсетушілердің жүзден астам өкілдері, соның ішінде Bolashak Group-та қатысты. 

Мәселелерді талқылау барысында өнімдердің сапасына және ТШО, НКОК және КПО тарапынан тендерлік рәсімдерге қойылатын талаптар түсіндірілді; жеткізушілердің мүдделерін қолдау бойынша нұсқаулық берілді; жергілікті қамтуды сақтауда бастамалар көтеріліп, өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды, ал қатысушылар ЖҚ-ды дамыту бойынша сұрақтарын жолдады.

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.