“Үздік қызметкерлер” марапаттау рәсімі
11 шілдеде компаниямызда ең үздік қызметкерлерімізді марапаттауға арналған кезекті іс-шарамыз өтті.
11 шілдеде компаниямызда ең үздік қызметкерлерімізді марапаттауға арналған кезекті іс-шарамыз өтті.
Бұл шарада тоқсанның үздік қызметкерлерінің елеулі еңбегін, Bolashak Group-тың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосқан әріптестерімізді ерекше атап өттік.
Барлық әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, еңбектеріңіз, ортақ ісімізге қосқан үлестеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Біз компанияда 5 және 10 жыл қызмет атқарып келе жатырған қызметкерлерімізді бөлек атап өтіп, құттықтағымыз келеді: Жанаргүл Арыстанова, Қарлығаш Зинаденова, Айдар Құмаров, Жанаргүл Өтеғалиева, Зауре Жұматова, Сабина Қоңырова және Әйгерім Төлебаева.
Bolashak Group жетістігі әрқайсыңызбен бірге арта берсін.
Тағы жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
