kz
RU EN

Халықаралық әйелдер күні

Табиғат қысқы ұйқысынан оянып, жайнаған гүлдердің хош иістерін өзімен бірге алып келгенде, біздің компанияның ерлер ұжымы 8 наурызды тойлауға қызу дайындығын бастайды.

Табиғат қысқы ұйқысынан оянып, жайнаған гүлдердің хош иістерін өзімен бірге алып келгенде, біздің компанияның ерлер ұжымы 8 наурызды тойлауға қызу дайындығын бастайды. 

Бұл жылы терезелер жарқын түстермен боялып, едендегі қызыл кілем күннің ерекшелігін әсірелей көрсетті. Кеңсеміздің кіре берісінде қыздарды қарсылап алу біздің компанияда керемет дәстүрге айналған.    

Ерлер ұжымы осы тамаша көктем мерекесіне орай ең жылы құттықтау ізгі тілектерін білдіріп, ханымдарға әдемі гүл шоқтары мен тәттілерін сыйлады. 

Сахнаға Болашақ групптың ерлер хоры мен «Project Future» тобы қайта жиналды. Олар біріге отырып, керемет поп, хип-хоп, рок және рэп жанрларында әсем әуендерін орындады. Бұл бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмайтын нағыз музыкалық тамаша көрініс болды. 

Күні бойы кеңседе күлкі, құттықтау және қуанышты көңіл-күйге толы мерекелік атмосфера орын алды, ал кеңсенің ерекше безендірілген кеңістігі баршамызға жылы және жайлы жағдай тудырды.

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.