kz
RU EN

KIOGE-2024

25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.

25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.

 «Энергетикалық жобаларды жүзеге асырудағы халықаралық серіктестік» конференциясы бірнеше маңызды мәселелерді қамтыды, соның ішінде мұнай-газ индустриясындағы бизнестің мүмкіндіктері, маңызды жобаларды дамыту жоспарлары және олардың тұрақты даму тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуы, саланың жергілікті құрамын нығайту, сондай-ақ ғаламдық аренадағы серіктестікті нығайту.

Bolashak Group мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысып келеді. Конференцияға компания атынан тыңдаушы делегаттар ретінде Коммерциялық директор Эдельвейс (Эля) Темірғалиева мен Алматы қаласындағы филиал мен кадрларды іріктеу бөлімінің директоры Светлана Жалковская қатысты.

Мұндай ауқымды шараға қатысу энергетика саласындағы жаңашылдықтар туралы білімді кеңейтумен қатар, Қазақстан мен халықаралық деңгейдегі сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Тағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.