ГСК ЖОБАСЫНЫҢ САЛАЛЫҚ КЕЗДЕСУІ
Bolashak Group мамандарды іріктеу бөлімінің басшысы Светлана Жалковская мен қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджер Айшабибі Закариева ГСК жобасын іске асыруға арналған салалық кездесуге қатысты.
Іс-шара барысында KMG PetroChem компаниясының жобалық және профильдік бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ халықаралық мердігер ұйымдар - Tecnimont, CCIC, CPP, CITIC Construction және CPPE Kazakhstan - жұмыстың ағымдағы жайы, оның жоспарланған кезеңдері мен алдағы жылдарға қойылған негізгі міндеттері туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесуде ауқымды индустриялық бастамаларды жүзеге асыру мақсатында қазақстандық компанияларды жұмылдыру, жергілікті сараптаманы дамыту мен жеткізу тізбегіндегі отандық өндірушілердің үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
B2B-сессия аясында Bolashak Group өкілдері компаниялармен бірқатар тікелей келіссөздер өткізіп, ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
«Біз үшін елдегі ірі жобаларға үлес қосу - компанияның дамуының маңызды бөлігі әрі Қазақстан экономикасының дамуына бағытталған стратегиялық маңызы бар бастамаларға қолдау көрсету мүмкіндігі. Серіктестік байланыстарды нығайтуға және бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған осындай диалог алаңдарын ұйымдастырғаны үшін Petrocouncil ұйымына алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті Bolashak Group компаниясының мамандарды іріктеу бөлімінің басшысы Светлана Жалковская.
Тағы жаңалықтар
