БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БАР
Таңертең ұжымымызда Көрісу дәстүрі дәріптеліп, үлкен отбасымызбен қауышып, ақжарма тілектерімізді арнадық. Әріптестер бір-бірімен амандасып, ізгі ниеттерін білдіріп, мерекенің ерекше жылуын сезінді.
Мереке әрі қарай қазақтың ұлттық әуенімен, дәстүрлі ойындарымен және ақ дастарханымен жалғасты. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл күн барша ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен сыйластықты одан әрі нығайтты.
Наурыз – жаңару мен татулықтың мерекесі. Осындай жарқын сәттер ұжымымыздың ынтымағын арттырып, ортақ құндылықтарымызды дәріптей түсті.
Тағы жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
