ЦИФРЛЫҚ ИНДУСТРИЯНЫҢ ДРАЙВЕРІ
ЖИ-агенттермен жұмыс жасай алатын білікті мамандарды даярлау және сапаны бақылау
Bolashak Atyrau және SEFtec Global Training компанияларының өкілдері жыл сайынғы PetroDigital & Automation 2026 форумына қатысты. Іс-шара барысында цифрландыру, ЖИ-ді енгізу және мұнай-газ химия саласының трансформациясы төңірегінде өзекті сұрақтар талқыланды.
Bolashak Group-тың қатысуы мамандарды даярлаумен қатар, өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде автоматтандырылған жүйелер мен ЖИ-агенттерді қолдана отырып, сапаны қамтамасыз ету мен бақылауға бағытталды.
Біз цифрлық индустрияның заманауи талаптарына сай білікті техникалық кадрларды дайындап, инспекциялық жұмыстар мен инженерлік-техникалық сараптама жүргізуді жалғастырып келеміз. Бүгінде SEFtec Global Training оқыту орталығы бизнес-процестерге ЖИ-ді енгізу бойынша білім беру бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда саланың тұрақты дамуы мамандар біліктілігін арттырудан бастап, күрделі өндірістік жобалар сапасын бақылауда қолданылатын технологиялар, құзыреттер мен сенімді операциялық сараптаманың өзара үйлесімінсіз мүмкін емес.
Тағы жаңалықтар
