MЫҚТЫ БАСТАМА – ҮЛКЕН МАҚСАТҚА ҚАДАМ | BI MARATHON 2026
Bolashak Group командасы Атырау қ-ғы марафонда белсенділік танытып жатқанда, елордалық әріптестеріміз BI Marathon 2026 қайырымдылық жарысына компания атынан қатысты.
Мендігүл Ғалымжанова екі баласымен бірге 5 шақырым қашықтықты сәтті еңсеріп, салауатты өмір салтын насихаттауға әрі ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету игі бастамасына өз үлесін қосты. Отбасымен бірге марафонға қатысуы — отбасы құндылықтарының және бала бойына жастайынан салауатты рух қалыптастырудың көрінісі болды.
Осындай игі шаралар командалық ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, спорттың адамдарды жақындастырып, ізгілікке үндейтін үлкен күш екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Жарыс барысында Мендігүлге қолдау білдірген командамыздың бірлігі мен жанашырлығы ерекше рух сыйлады.
Мендігүлді сәтті бастамасымен шын жүректен құттықтап, сарқылмас қуат, толағай табыс пен жаңа белестер тілейміз!
Тағы жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
