МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ БІР АЛАҢДА - KAZDRILLING 2026
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Атырау қаласы III жыл сайынғы KAZDRILLING 2026 конференциясында сала өкілдері бас қосқан маңызды алаңға айналды.
Форумда күрделі қорларды игеру мен жаңа кен орындарын барлау, мұнай өндіру тиімділігін арттыру мен заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ маман тапшылығын азайтып, қажетті білім мен біліктілікті дамыту мәселелері талқыланды.
Конференция соңында энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосқан ТОП-75 ықпалды тұлғаны дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті.
Көп жылдан бері мұнай-газ жобаларын білікті мамандармен қамтамасызтандыратын Bolashak Group үшін мұндай конференцияларға қатысу - серіктестік байланыстарды нығайтуға, жаңа компаниялармен танысып, нарықтың кадрлық қажеттіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік.
Осындай ауқымды шараны ұйымдастырып, ашық кәсіби диалогқа, жаңа байланыстарға, идеялар мен бірлескен жобаларға жол ашқан KazService ұйымына алғысымызды білдіреміз.
Тағы жаңалықтар
