kz
RU EN

ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДӘУІР МАМАНДАРЫ

Bolashak Group дәстүрлі жыл сайынғы PetroHR форумына қатысып келеді. Биыл да форум алаңы мұнай-газ саласының жетекші операторларын, HR қауымдастығын, бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірді.

Сондай-ақ өңірдегі негізгі жобаларды іске асыруға қатысатын компаниялар мен адами капиталды басқару саласында заманауи шешімдер ұсынатын HR-платформалар салалық диалогқа атсалысты.

Білікті мамандарды жұмылдыру мен оларды сақтап қалу, жастарды дамыту мен кадрлық резерв қалыптастыру, корпоративтік мәдениетті нығайту мен көшбасшылықты қамтамасыз ету саланың негізгі әрі әлі де өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді.

Біз үшін форум әріптестермен тәжірибе алмасуға, еңбек нарығының қажеттіліктері мен оның бүгінгі қиындықтарын талқылауға мүмкіндік берді. Bolashak Group жергілікті мамандардың кәсіби құзыреттері мен еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосуды жалғастыра береді.

Компаниямыздың HR-директоры Малика Кемелханованың Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ТОП-20 HR-көшбасшысының қатарына енгенін тағы бір мәрте атап өткіміз келеді.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.