kz
RU EN

BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА

Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Форум қатысушылары өндірістік нысандарды тұрақты әрі қауіпсіз пайдалану мәселелерін, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жабдықтардың жағдайын бағалау, инспекциялық және инженерлік жұмыстар, сондай-ақ өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық шешімдерді талқылады.

Қазақстандық сервистік нарықты дамытуға және жергілікті компаниялардың ірі мұнай-газ жобаларына қатысуына да ерекше назар аударылды. Bolashak Group инженерлік-техникалық мамандарды кешенді ұсыну мен басқару, QA/QC бағытындағы шешімдер, іске қосу-баптау жұмыстары мен мамандарды оқыту бойынша өз тәжірибесі мен мүмкіндіктерін таныстырды.

Мазмұнды бағдарлама, саланың өзекті сұраныстарын тікелей естуге, әріптестер мен серіктестермен бір алаңда кездесуге мүмкіндік бергені үшін PetroCouncil ұжымына алғыс білдіреміз.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.