kz
RU EN

Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері

2018 жыл жоғары оқу орындарының бастауыш мамандары мен түлектерін жұмысқа тұрғызуға бағытталған әртүрлі іс-шараларға толы болды.

Біздің компания Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Алматыда ең ірі мұнай-газ жобасы үшін КИМЭП және басқа университеттердің қаржылық мамандықтары бойынша оқыған  түлектері үшін тестілеу өткізілді, нәтижесінде жас мамандар жұмысқа орналастырылды. КИМЭП қабырғаларында қысқа уақыт аралығында бірнеше жұмыс берушілермен шағын сұхбат алу мүмкіндігі бар блиц-сұхбат ұйымдастырылды. Алматыда біз АЭжБУ мен UIB секілді университеттердің студенттері мен түлектерімен кездесуге мүмкіндігіміз болды, ал ҚБТУ-дың қонақжай қабырғаларында еңбек нарығындағы жақын болашақта ең өзекті болатын мәселелер туралы материалдар ұсынылды. ALMAU университетімен біз тек кәсіби ғана емес, сонымен бірге достық қарым-қатынас орнатқанымызға көп жыл болды, сондай-ақ біз олардың 30-жылдық мерейтойына шақыруын үлкен қуанышпен қабылдадық. 

Назарбаев Университетіне МВА студенттері үшін «XXI-ғасыр дағдылары» тақырыбына презентация өткізуге сенім артып, шақырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Атырау университеттері мен колледждерінің студенттері мен түлектері үшін бірнеше бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Халықаралық бағдарламалар орталығымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында біз «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен ғалымдарымен кездесіп, оларға біздің компаниямыз және олардың мансаптық мүмкіндіктері туралы айтып беруге тамаша мүмкіндік алдық.

 

Біз Қ.Жұбанов атындағы АРСУ басшылығына тамаша ұйымдастырылған іс-шара үшін алғысымызды білдіреміз, бұл іс-шара барысында біз студенттерді біздің компаниямызбен таныстыруға, тест өткізуге, сондай-ақ сұхбаттан өту дағдылары және келешек дағдылары тақырыбымен мастер-класстар мен презентацияларды өткізуге мүмкіндік алдық. Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің басшылығына және Ақтаудағы Шет тілдер колледжінің басшылығына олардың қонақжайлылығы үшін, сонымен қатар студенттермен және түлектермен кездесуге, сәтті жұмысқа кіру сұрақтары бойынша кеңес беруге, ал үміткерлерге тестіден өтіп, қабілеттіліктерін тексеруге мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Еліміздің барлық білім беру орындарына жаңа жетістіктерге жетуін, түлектерінің табысты жұмыспен қамтылуын және лайықты марапаттарға жетуін тілейміз.

 

Тағы жаңалықтар

Biz Birgemiz
Bolashak Group та шетте қалмады және табиғи құбылыс - су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмысын жалғастыруда.
KazDrilling 2024 Қазақстандық Конференциясы
2024 жылдың 2 Суәір күні Атырауда Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді жақсарту және бұрғылау, геологияға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan атты қазақстандық Конференция екінші рет өтті.
Жыл сайын, 1948 жылдан бастап, сәуірдің 7-сі күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күні атап өтіледі
Бұл күн пандемиядан кейін ерекше маңызға ие болды.
Болашақ-Атырау компаниясындағы Наурыз мерекесі
Наурыз – бұл табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.