kz
RU EN

Қауіпсіздік техникасы маманы

4134
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Aidana Satenova
E-mail aidana.satenova@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
"Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарға сай технологиялық нысандарға, ғимараттарға, құрылымдарға, жабдыққа тексерістер мен зерттеулер өткізуге қатысады. Жобалық-техникалық құжаттаманы қарауға қатысады және функционалдық тексерулер кезінде, өндірістік процестердің технологиялық регламенттеріне, санитарияға (өндіріс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тамақ өнімдері) қатысты өндірістік гигиена мәселелері бойынша сарапшы ретінде жұмыс атқарады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғаудың заманауи әдістерін зерттейді және ұсыныстар енгізеді. Өндірістік бақылауды жүзеге асырады және үйлестіреді: жұмыс аймақтары ауасындағы шуыл мен қауіпті химиялық факторлар; ТШО өндірістік нысандарындағы желдету жүйелерінің санитарлық-гигиеналық тиімділігін бағалауға қатысу; Теңіз және Атырау қалаларындағы су тазарту қондырғылары нысандарындағы ауыз судың сапасын бақылау; нысандарда қолданылатын химиялық заттарды есепке алу; тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапасын бақылау. Өндірістік нысандардың еңбек жағдайын аттестаттау процесін және аттестаттауға қатысты мамандандырылған ұйымның жұмысын үйлестіреді; ТШО аумағында радиациялық қауіпсіздікке қатысты өндірістік бақылауды Қазақстан Республикасының нормативтік гигиеналық стандарттары мен санитарлық талаптарына сәйкес ұйымдастыру тәртібін жүзеге асырады; Өндірістік гигиена және санитария (өндірістік, тұрғын үй-коммуналдық және азық-түлік) бойынша Теңіз және Атырау қалаларындағы ТШО мен бизнес серіктес бөлімдеріне, сондай-ақ күрделі жөндеу кезінде консультативтік және практикалық қолдау көрсетеді; Теңіз бен Атыраудағы өндірістік және өндірістік емес нысандарда өндірістік гигиена және санитарлық мәселелер бойынша аудит жүргізеді. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау немесе азайту мақсатында ЖҚҚ таңдау және пайдалану бойынша ұсыныс-кеңестер беру кезінде консультациялық қолдау көрсетеді. ТШО және бизнес серіктес бөлімдеріне өлшеу құралдарына (газ анализаторлары, шаң өлшегіштер және т.б.) қатысты консультациялық қолдау көрсетеді және өндірістік гигиена топтарының құралдарын калибрлеу мен мемлекеттік тексеруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері және жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістері бойынша оқу материалдарын дайындағанда, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқауларды қайта қарағанда сарапшы ретінде жұмыс атқарады. ТШО және бизнес серіктес еңбеккерлерін хабардар ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі бойынша ақпараттық хабарламалар дайындайды. "
"Жоғары білім – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, санитарлық дәрігер, дәрігер-гигиенист (мамандығы: гигиена, санитария) болғаны жөн. Білуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария бойынша әдістемелік материалдар, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістері, өндірістік жағдайларды өндірістік нысандарды аттестаттау әдістері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздігі бойынша стандарттар жүйесі. Техникалық құжаттармен жұмыс тәжірибесі болған жөн. Өнеркәсіптік гигиенажәне санитария саласында тәжірибесі болғаны жөн. Топта жұмыс істей алуы тиіс. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларының болуы шарт. Ұйымдастыру дағдыларының болғаны жөн. Электрондық дерекқормен жұмыс істеу дағдыларының болғаны жөн. MS Office (Word, Excel, Power Point, Outlook) бағдарламаларын жақсы білуі тиіс. "
Tengiz 28/28

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.