kz
RU EN

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.

Мамандарды іріктеу бөлімінің өкілдері Айнур Давлетова мен Алтынай Акылбек түйіндеме дайындау, сұхбатқа әзірлену және алғашқы жұмыс іздеуде жасанды интеллектіні пайдалану жолдарын түсіндірді. Нақты мысалдар арқылы неге назар аудару керектігін және қандай қателіктерден сақтанған жөн екенін атап өтті.

Болашақ жас мамандар жаттығу сұхбаттарынан өтіп, түйіндемесін жақсарту әрі жұмыс берушіге өзін таныстыру бойынша практикалық кеңестер алды. Сондай-ақ оларға Bolashak Group рекрутерлері дайындаған арнайы ЖИ промптары ұсынылды.

Қауіпсіздікке қатысты Near Miss тақырыбы да талқыланды. Түрлі қауіптер мен жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін жағдайлар туралы хабарлаудың маңызы түсіндірілді. Өндірістегі жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, сондықтан қауіпті уақытында байқап, ол туралы айта білу әдетін колледжден бастап қалыптастыру қажет.

Студенттерге еңбек жолында сәттілік тілейміз! Таңдаған мамандықтарыңыз бойынша білімдеріңізді тиімді қолданып, тәжірибе жинауға мүмкіндік көп болсын!

Сенім білдіріп, болашақ мамандармен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік бергені үшін APEC Petrotechnic басшылығына алғыс айтамыз.

Тағы жаңалықтар

МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Bolashak Group APEC Petrotechnic жоғары колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған «Мансапқа алғашқы қадам» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
BOLASHAK GROUP KIOGE-2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ
Bolashak Group өкілдері Алматыда өткен 30-шы мерейтойлық KIOGE-2026 «Мұнай және газ» халықаралық көрмесіне қатысып, инспекциялық қызметтер, мамандарды қамтамасыз ету және оқыту бағыттары бойынша серіктестерімен кездесті.
TEAMBUILDING RECAP
Bolashak Group-та командалық байланысты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыруға әрі ортақ мақсатқа жетуге бағытталған тимбилдинг өтті.
BOLASHAK GROUP PETROMAINTENANCE 2026 ФОРУМЫНДА
Bolashak Group өкілдері жыл сайын өтетін PetroMaintenance 2026 салалық форумына қатысты.

Сіз жұмыс іздестіріп жүрсіз бе?

Біз сізге жаңа жұмыс іздестіру барысында көмектесуге қуаныштымыз.