kz
RU EN

Локомотив шаруашылығының үйлестірушісі

3842
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 28 x 28 (11 hours)
Байланыс тұлғасы Aidana Satenova
E-mail aidana.satenova@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
• Жұмыстардың жарақатсыз және оқиғаларсыз орындалуына ықпал жасау және Компанияның қауіпсіздік техникасы бойынша бастамаларын қолдау. • Темір жолды пайдаланудың барлық аспектілері бойынша бағдарлы нұсқаулар беру және бақылауды қамтамасыз ету. • Техникалық және технологиялық құжаттаманың темір жолдарды пайдалану саласындағы нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау. • Жұмыстардың Пайдалану қызметінің жұмыстарын жүзеге асыру саласында қолданылатын ТШО қауіпсіздік техникасы нұсқаулары мен ТЖ тасымалдау бөлімінің процедураларына сәйкес орындалуын бақылау. • Пайдалану қызметі Мердігерлерінің жұмысын бақылау, Мердігердің міндеттемелерін орындауына қатысты барлық сұрақтар бойынша тиісті және уақтылы есеп беруді қамтамасыз ету. • ТШО мен Мердігер арасында есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Мердігерлердің барлық растаушы құжаттарын тексеру және бекіту. • Нысанға техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде Нысан басшысы және/немесе Өкілетті нысан басшысы ретінде әрекет ету. • Инфрақұрылым мен нысандарға байланысты барлық сұрақтар бойынша тиісті және уақтылы ақпарат беруді қамтамасыз ету және жұмыс барысын қадағалау. • Мердігердің локомотивті пайдалану және бригадаларды жинақтауға қатысты ағымдағы келісімшарттың барлық талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру. • Поездар және де локомотивті-құрамды бригадалармен, сондай-ақ қабылдау-жіберу операцияларына жұмылдырылған және 8км разъезд бекеттері бойынша жұмыс жасайтын бригадалармен бірлесе отырып тексеріс сапарларын жүзеге асыру. • Оқиғаларды тергеуге қатысу. • Локомотив паркінің аудиттеріне қатысу. • ТШО ТЖ тасымалдау бөлімінің және «Болат Жол» ЖШС басшыларымен бірге оқу бағдарламаларымен танысу, олардың мазмұнын, тиімділігін және қызметкерлердің назарына жеткізу жолдарын талқылау. • Жұмыс локомотивтері мен локомотивтік бригадалардың Өндірістік Қажеттілік Деңгеймен (ӨҚД) қамтылғандығын күнделікті тексеру және көз жеткізу. • Мердігерлер тапсыратын локомотивтер мен локомотив бригадаларының жұмыс уақыты кестелерін тексеру және бақылау. • Ауыстыруға арналған тепловоздардың қамтамасыз етілуін және олардың ауыстырылатын тепловоздардың жөндеу сипаты, техникалық қызмет түріне байланысты қажеттілігін бақылау. • Мердігердің локомотив депо жабдықтары мен ғимаратының әдеттегі күтіп ұстау жұмыстарына, ғимарат ішіндегі және іргелес аумақтағы депоның жалпы тазалығы және қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты ағымдағы келісімшарттың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру. • Қажет болған жағдайда, ТШО ТЖ тасымалдау бөлімі өкілінің міндеттерін атқару, сонымен қатар, нұсқауларды тексеруге, қауіпсіздік техникасы бойынша тексерістерге, аудиттерге қатысу және «ТШО Жолы» тұжырымдамасын қолдауда белсенді күш-жігер таныту. • Қажет болған жағдайда, Мердігердің қатысуымен болатын ұйымдастырушылық жиындарды жоспарлау, өткізу және қатысу. • Мердігердің ағымдағы келісімшарт талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру, ТШО меншігіндегі локомотивтердің жұмысқа қабілеттілігі және негізгі түйіндердің техникалық жағдайы жөнінде толық есеп жүргізу. • Ағымдағы келісімшарт талаптарына сәйкес үшінші тарап кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарынан өткеннен кейін локомотивтерді қабылдауға қатысу. • Реостаттық сынақтар станциясын пайдалану бойынша талдамалық қорытындыларды бірге ескере отырып, егжей-тегжейлі бағдарлама әзірлеу. • Пайдаланылған материалдар мен ЖЖМ-ды тексеру және салыстыру. • Локомотивтердің (ақаулы түйіндер, ЖЖМ шығынының артуы және т.б.) жұмысқа дайындығы, Локомотив Депосының жұмысына қатысты сұрақтар, ӨҚД талаптарын орындау үрдісі, үшінші тарап кәсіпорындарында локомотивтерге жасалынатын техникалық қызмет көрсету барысы жөнінде жаңартылған деректер көрсетілген Мердігердің есептерін тексеру және салыстыру. • Сондай-ақ, басшының нұсқауы бойынша өзге де міндеттерді атқару.
Білімі: жоғары немесе орта кәсіби білім – темір жол саласындағы білім құпталады Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігінде тиісті салада 5 жылдан кем болмауы тиіс Дербес компьютер дағдылары және білімі: Microsoft Office (Excel, Word, Outlook, Power Point, Adobe Acrobat, Visio) пакетінің тәжірибелі пайдаланушысы
Тенгиз 28/28

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.