kz
RU EN

Бюджетті бақылау жөніндегі үйлестіруші

7274
Жұмыс күні 11.07.2025
Жұмыстың жабылу күні 25.07.2025
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Aktolkyn Nuptollayeva
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
Жобаның бюджеттік шығындары (игеру, қаржыландыру және жасалған келісімшарттардың көлемі) бойынша "жоспар–факт–болжау" деректерін консолидациялау және бекітілген есептер бойынша ауытқуларға түсініктеме беру. Бекітілген есептер бойынша БУ-ден CAPEX игеру және қаржыландыру фактісін мониторинг жүргізу. Бекітілген есептер бойынша Жоба CAPEX-інің орындалуы туралы басшылыққа және акционерлерге есеп беру. Бекітілген есептер бойынша жылдық жоспарды (игеру және қаржыландыру) қалыптастыру. Бекітілген есептер бойынша жобалық бюджеттің орындалуына факторлық талдау жасау. Жыл және жоба бойынша бюджеттің игерілуі мен қаржыландырылуының болжамды орындалмауы немесе артық орындалуы туралы басшылықты уақытылы хабардар ету. Жобаның бюджетін бақылау департаментінің директорының орынбасары уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін толық көлемде орындау. Қажет болған жағдайда атқарылған жұмыс туралы есепті уақтылы ұсыну (оның ішінде жобаның бюджетін бақылау департаментінің директорының орынбасарына). Компанияның қолданыстағы ережелерінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау. Тікелей және жоғары басшылардың (оның ішінде жобаның бюджетін бақылау департаментінің директорының орынбасарының) қызметтік тапсырмаларын орындау.
Білімі: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан астам. Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білімдер: Жобаны басқарудың бастамадан бастап пайдалануға беруге дейінгі кезеңдеріндегі қағидаттары мен үдерістері; Жобаның әртүрлі кезеңдерінде (бастамадан іске асыруға дейін) инжинирингтік жұмыстарға, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге (МТҚ), құрылыс-монтаж жұмыстарына (ҚМЖ), іске қосу-жөндеу жұмыстарына (ІЖЖ), сондай-ақ тапсырыс беруші мен мердігердің өзге де шығындарына арналған шығындарды бағалау баптарын айқындау әдістері; САРЕХ-ті айқындау кезінде шарт стратегияларын (EP+C/EPC, тіркелген сома/өтеу негізіндегі) қолдану қағидаттары мен ерекшеліктері; Инвестициялық жобалар шеңберіндегі бюджет қалыптастыру, игеру және қаржыландыру кестелерін әзірлеу рәсімдері; Құрылыс өндірісін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары, жобалау кезеңдері және жобаларды басқару; Инвестициялық жобалар бойынша жалпы есептілік қалыптастыру қағидаттары (оның ішінде факторлық талдауды қолдану); Көпвалюталы бюджетті басқару үдерістері; Қызметкердің жұмыс барысында басшылыққа алатын Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттары. Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті дағдылар: Капиталдық шығындардың бюджетіне бақылау жүргізу саласындағы расталған дағдылар; Коммуникациялық дағдылар; Қазақ немесе орыс тілінен бөлек ағылшын тілін білу; Стратегиялық ойлау қабілеті және көзқарас қалыптастыру; Жаңа білімді жылдам игеру және қолдану; Икемділік және жаңалыққа ашықтық; Коммуникация және ұжым ішіндегі қатынастарды басқару; Тәуекелдерді тиімді талдау және белгісіз жағдайда шешім қабылдау қабілеті; Ұйымдастырушылық және уақытты басқару жоғары деңгейі, соның ішінде ресурстарды бөлу және тапсырмаларды үйлестіру; MS Office, СЭҚ (сандық құжат айналымы жүйесі), техникалық құжаттамамен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды пайдалану дағдылары
Атырау/Қарабатан 5/2 ҚР азаматтары үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.
Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.
Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.
KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.
Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.