kz
RU EN

Сатып алу жөніндегі аға маман

8123
Жұмыс күні 07.10.2026
Жұмыстың жабылу күні 21.10.2026
Қызмет түрі contract
Ел Қазақстан
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Mendigul Galimzhanova
E-mail recruit@bolashak.com
Осы бос қызмет орнына жауап қайтару
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
1.Компанияның рәсімдері мен нұсқаулықтарына сәйкес лауазымдық міндеттер мен жауапкершіліктерді орындау. 2.Компанияның барлық сатып алу қызметіне басшылық жасау және бақылау, шарттар мен оларға енгізілетін қосымша келісімдердің уақтылы жасалуын, сондай-ақ олардың Компанияның саясаты мен рәсімдеріне сәйкестігін қамтамасыз ету. 3.Қажетті сападағы тауарлар мен қызметтерді уақтылы және экономикалық тұрғыдан тиімді сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында тендер өткізу, тендерлік ұсыныстарды бағалау және жеткізушілермен келіссөздер жүргізу процестерін үйлестіру. 4.Жеткізушілерді кешенді тексеру (Due Diligence) процесін үйлестіру. 5.Техникалық бағалау жоспарлары мен сатып алу өтінімдерінің сапасын бақылауды қамтамасыз ету. 6.Сатып алу қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) талдау және бақылау, оның ішінде сатып алу мерзімдерін, тендерлік сатып алулардың, тікелей сатып алулардың және қосымша келісімдердің арақатынасын қадағалау. 7.Компанияның қолданыстағы рәсімдері мен нұсқаулықтарының сақталуын қамтамасыз ету. 8.Операциялық қызметті үздіксіз жетілдіру, жұмыстарды орындау мерзімдерін қысқарту, жұмыс процестерін оңтайландыру және ішкі тапсырыс берушілерге сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсету мақсатында әріптестермен тиімді ынтымақтастық орнату.
Экономика, құқық, инженерия немесе басқа тиісті мамандық бойынша жоғары білім. Мұнай-газ саласындағы сатып алу қызметінде кемінде 5 жыл тиісті жұмыс тәжірибесі, оның ішінде шарттар жасасу және сатып алу саласындағы тәжірибе.
Астана 5/2, ҚР азаматтары үшін

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО СТУДЕНТТЕРІ BOLASHAK GROUP КОМПАНИЯСЫНДА
Сафи Өтебаев университетінің жазғы индустриялық бағдарламасы аясында Bolashak Group Қазақстан мен Қытай студенттеріне арналған бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕМІЗ
Болашақ-Атырау мен Сефтек Глобал Тренинг өкілдері өндірістік қауіпсіздік мәселелерін көтерген PetroHSE 2026 форумына қатысты.
ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН
Bolashak Group коммерциялық директоры Эдельвейс Темірғалиева КПО, «ҚазТрансОйл», «Бейнеу-Бозой-Шымкент 2» басшылығы мен отандық тауар өндірушілерді, мердігерлер мен қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдерін біріктірген салалық кездесуге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Bolashak Group әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Алмалы» жаңа оңалту орталығында тұзды бөлменің ашылуына қолдау көрсетті.
АТЫРАУ МАРАФОН 2026
Мыңдаған адам бір мезетте сөре жолағын аттағанда, қала ерекше рухқа бөленеді. Әр жүгірушінің жолы – ұмтылыстың, төзім мен жігердің бейнесі.
ENERGY REGION TALKS: АЙМАҚТЫҢ ҮНІ
Bolashak Group-тың қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Айшабиби Закариева Energy Region Talks форумына қатысты.