Қызметкерлердің вахталық ауысымын үйлестіруші
4137
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Aizhan Aitassova
E-mail Aizhan.Aitassova@bolashak.com
Бос орын жабылды!
Қызмет түрі contract
Ел Kazakhstan
Жұмыс кестесі 5-day work week (40 hours)
Байланыс тұлғасы Aizhan Aitassova
E-mail Aizhan.Aitassova@bolashak.com
Сипаттау
Талаптар
Шарттар
"• Қызметкерлердің вахталық ауысымын кәсіби дәрежеде басқару.
• Теңіздегі қызметкерлердің вахталық ауысымы процесінің ашықтығын қамтамасыз ету.
• Осы процеске қатысы бар тараптармен байланыс құрып, оны жалғастыру (ТШО бөлімдері, бизнес серіктестер, мемлекеттік органдар), ішкі процестерге сәйкестікті қамтамасыз ету.
• Мемлекеттік органдар мен ТШО басшылығы енгізген ережелерге/талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету.
• Вахталық ауысым процесіне қатысты тәуекелдерді, жетілдіру мүмкіндіктерін, мәселер мен шешімдерді алдын ала көре білу үшін оның жүргізілуін бақылау.
• Вахталық ауысымға қатысты деректерді талдап, қажетті іс-шаралар бойынша ұсыныстар жасау.
• Осы саладағы үнемі жетілдіруге бағытталған ең озық стратегияларды енгізу.
• Компанияның жауапкершілігіне кіретін оқшаулау нысандарын басқару, қызметін үйлестіру, байланыс жасау.
• Қызметкерлерді оқшаулауды/жұмысқа қайтаруды жатық орындау және бос орынға сұранысты басқарып отыру үшін оқшаулау кенттерінде адам санын қадағалау.
• Қызметкерлердің вахталық ауысымына қатысты ықтимал сценарийлер мен салдарын алдын ала болжау және басшылыққа хабарлау.
• Қызметкерлерді оқшаулаудың ҚР және ТШО талаптарына сай жүргізілуін үйлестіру.
• Қызметкерлерді оқшаулауға бөлмелердің, көліктің жеткілікті екеніне және басқа бөгеттердің/шектеулердің болмағанына көз жеткізу.
• Әртүрлі брондау жүйелеріндегі деректерді тексеріп, қолданыстағы процедураларға сәйкестігін растау.
• Әкімшілік көмекшілермен, сапар үйлестірушілерімен, кент өкілдерімен, медициналық және тасымалдау бөлімдерінің өкілдерімен тығыз жұмыс істеу.
• Вахталық ауысымға қатысты сандық жүйелерінің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және техникалық қолдау көрсету.
• Әртүрлі оқшаулау нысандарының, тұрақты бөлмелердің, емхана жатақ орындарының, транзиттік нысандардың санын, қызметін, шығындарын және пайдалану тиімділігін қадағалау.
• Шетелдік қызметкерлердің вахталық ауысымын үйлестіру.
• Шетелдік қызметкерлердің вахталық ауысымына қатысты ақпаратты жинау және жауапты тараптарға жолдау.
• Басшылыққа жұмыс жөнінде есеп/жаңартылған ақпарат берудің дұрыс жүргізілгенін қадағалау.
• Компанияның логистика қызметтеріне қатысты барлық жаңартылған ақпаратты бақылап отыру.
• Өзгерістер жөнінде ақпаратты уақтылы хабарлау/тарату, олардың аясына кіретін қызметкерлерге нұсқау беру, оқыту.
• Ағымдағы өзгерістер жасау бағдарламасына қолдау көрсету мақсатында үнемі жетілдіруді мүмкін ететін қолайлы жағдай жасау үшін негізгі тараптармен/іскерлік серіктестермен тығыз жұмыс істеу.
• Компанияның ықтимал қажеттерін болжау үшін қызметкерлердің вахталық ауысымы жоспарының жүзеге асырылуын бақылау.
• Оқиғалардың түпкі себебін анықтауды жүргізу.
• Барлық негізгі тараптармен/серіктестермен ерекше іскерлік қарым-қатынас құру және дамыту.
"
"• Берілген тапсырмаларды орындау үшін егжей-тегжейлі жоспар құру
• Тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуын жоспарлау, бағалау, ұйымдастыру және бақылау
• Ықтимал мәселелерді, елеулі қиыншылақтарды алдын ала болжау және оларды жою жолдарын іздестіру
• Көшбасшылық қасиеттері
• Бірнеше тапсырмаларды қатар орындау, басымдылықтарын анықтау және уақтылы аяқтау
• Қалыптан тыс жағдайда тез шешім қабылдау
• Тапсырманың мән-маңызын түсіну
• Басқалармен тіл табысу
• Жұмысын үнемі жақсартып отыруға ұмтылу
• Топтың ішінде жұмыс істеу
• Өз бетімен жұмыс істеу
• Деректерді талдау және тиісті ұсыныстар беру
• Бастамшыл және жігерлі болу, кәсіптік этиканы ұстану
• Топ мүшелерінің тапсырмалардың орындалу сапасына жеке және ұжыммен жауап беретіндіктерін түсіндіру
• Басшылықтың бақылауынсыз өздігінен жұмыс істеу
• Ақпаратты жинау, салыстыру, түйіндеу және құрылымдалған түрде беру, өз лауазымдық міндеттеріне сәйкес шешімдерді дайындау
• Білімі жоғары техникалық немесе экономикалық білім
• Жұмыс тәжірибесі ұқсас лауазымда кемінде 3 жыл
"
Atyrau 5/2
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Милан қаласында Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық іс-шара аяқталды.

Energy Vibes
Supros компаниясына және АЭжБУ әкімшілігіне Energy Vibes іс-шарасына шақырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Канадалық-қазақстандық серіктестік
Қыркүйек айында Алматы қаласында Альберта үкіметі, Канаданың Қазақстандағы елшілігі мен PetroCouncil мұнай-газ одағы ұйымдастырған кездесуі өтті.

Қаламқас-Хазар Оперейтинг семинары
Қыркүйек айында Алматыда "Қаламқас-Хазар Оперейтинг" ЖШС және "ҚазСервис" бірлесіп ұйымдастырған "ККО жобасында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау" семинары өтті.

KIOGE-2024
25-27 қыркүйек аралығында Алматыда Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, БАӘ және тағы да басқа 11 елді біріктірген, 700-ден астам делегаттың басын қосқан ауқымды 29-шы Халықаралық «KIOGE-2024» көрмесі мен конференциясы өтті.

Мансап орталығының жергілікті бизнеспен байланысы
2024 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығында Атырау облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.